15 қаңтар күні Ақсу қаласындағы Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжде сткдент жастары үшін маңызды тақырыпқа арналған қалалық дебат турнирі өтті.

«Қазақстан Республикасының заңы колледж студенттерінің құқықтарын тиімді қорғайды» тақырыбын арқау еткен іс-шара «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.

Турнирдің бастамашысы әрі ұйымдастырушысы – Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледж. Пікірсайысты тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Айжан Мусатова-Албот жүргізіп, дебаттың жүйелі әрі мазмұнды өтуіне ықпал етті.

Қаланың екі колледжінен келген командалар өзара тартысты пікір алмасып, құқықтық сауаттылық пен шешендік шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті.


Турнир қорытындысы бойынша Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің «АЛАШ» дебат клубы жеңімпаз атанды. «Үздік спикер» атағы осы команданың мүшесі Илья Макеевке берілсе, «Үздік аргумент» номинациясына Ақсу қара металлургия командасының спикері Даниил Хабаров лайық деп танылды.



Іс-шара соңында барлық қатысушылар Ақсу қаласының Жастарды дамыту орталығы атынан грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

