Зайырлылық – қоғамдағы
бейбітшілік пен тұрақтылықтың іргетасы
Рухани келісім күніне орай 16 қазан күні Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» мамандығының 3 және 4 курс студенттері ұйымдастырған «Зайырлылық – қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың іргетасы» тақырыбында (ZOOM платформасында) дебаттық турнир өтті.
Дебаттық турнирге «Жалын» және «Ұлжан ұлағаты» атты екі топ қатысты. Тақырып ауқымды болғандықтан, спикерлер мемлекетіміздің шағын мәселелеріне ғана ой салды. Өз ойларын толық жеткізіп, тақырыпты жан-жақты ашып, мәселені қозғап, сұрақ-жауаптар қою арқылы белсенділік танытты. Үздік спикер ретінде Ханат Жанерке өзін жақсы көрсетті және Темеш Назгүл өзінің жауапты спикер екендігін танытты. Сонымен қатар, Бекенова Аяжан мен Мауленова Қарлығаш та өз ойларын жүйелі жеткізді. Іс-шараны 4 курс студенті Маманова Әйгерім жүргізді.
Аталған шараға Жаяу Мұса атындағы Ақсу Жоғары көпсалалы колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мусатова Айжан Багитжановна және қазақ тілі пәнінің оқытушысы Алтынгужинова Жанар Бекешевна, арнайы пәндер оқытушысы Кирибаева Айжан Сабыржановна қатысты.