2021 жылдың 12 ақпан күні Zoom платформасында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің отбасын құрған студенттеріне арналған «Отбасыңыздың діни адамдарға деген көзқарасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Ақсу қалалық мешітінің ұстазы Хурсанд Қошбақұлы әңгіме жүргізу барысында отбасындағы сыйластық, дінге байланысты отбасындағы адамдардың ойлары және олармен кездесетін қарамайшылықтар туралы, оларға дұрыс қалай жеткізу қажет және нәтижесінде қалай отбасын сақтап қалуға болатыны жөнінде сөз қозғады.
Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға барынша ақылмен жауап беріп, өз ризашылықтарын білдіріп, тілектерін жеткізді.
Ұйымдастырушы «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының топ жетекшісі Кирибаева А.С.