Наурыз мерекесі қарсаңында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде жас домбырашылар арасында «Күйімді арнаймын» байқауы өтті.
Байқауға Кырықбай Райымбек, Аблай Жанболат, Аждарова Улжан, Кабылбекова Альфия қатысты.
Байқау қашықтық форматта өтті. Жас таланттар өз өнерлерін бейнеге жазып, содан кейін колледждің электрондық поштасына жіберді.
Үлкен үміт күттіретін студент Абылай Жанболат – байқаудың жеңімпазы атанды.
«Мен үшін домбыра-қазақтың музыкалық аспабы ғана емес, ол ұлттық қазына», – дейді байқау жеңімпазы.