2025 жылдың 23 мамырында Ф-124к тобының студенттерімен дене шынықтыру пәні бойынша «Допты иелену. Допты беру» тақырыбында тәжірибелік ашық сабақ өткізілді. Сабақты Фарит Жамиля Аллабергенқызы жүргізді.
Сабақ барысында студенттер футбол ойынына қатысты техникалық және тактикалық дағдыларды меңгеріп, допты оң және сол аяқпен беру, дәл пас жасау, жылдамдық пен дәлдікті дамытуға бағытталған жаттығуларды орындады. Эстафеталық ойындар мен «Доп кімде?» секілді қызықты тапсырмалар арқылы сабақ әрі мазмұнды, әрі тартымды өтті.
Мұндай практикалық сабақтар студенттердің дене дайындығын жақсартып қана қоймай, ұжымда жұмыс істеу қабілетін дамытады.