«ДосболLIKE» бағдарламасын жүзеге асыру аясында алдын алу шараларының циклі жалғасуда.
2026 жылдың 30 қаңтарында колледждің педагог-психологы Жүнусова Л.Б. Ст-125 тобының студенттерімен «Кибербуллинг» және «Мен және Интернет» тақырыптарында тренинг өткізді.
Тренинг барысында студенттер интернетте қауіпсіз және жауапкершілікпен әрекет ету, кибербуллингтің түрлері мен салдары, оны алдын алу жолдары туралы ақпарат алды. Студенттер интернеттегі қудалаудың белгілерімен танысып, конфликт жағдайларында өз мінез-құлқын басқару тәсілдерін талқылады және сандық кеңістікте жеке шекараларын қорғау дағдыларын тәжірибеден өткізді.

Сонымен қатар, цифрлық мәдениетті қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және желідегі өз әрекеттері үшін жеке жауапкершілікті түсіну мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.»
