ДосболLIKE: кибербуллинг мәселесіне арналған профилактикалық тренинг өткізді

«ДосболLIKE» бағдарламасын іске асыру аясында 23 қаңтар күні Дош-125 тобында колледждің педагог-психологы Жунусова Ләйлем Болатовна кибербуллинг мәселесіне арналған профилактикалық тренинг өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің цифрлық кеңістіктегі қауіп-қатерлер туралы танымын арттыру, интернетте қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ онлайн ортадағы психологиялық зорлық-зомбылықтың алдын алу болды.

Тренинг барысында білім алушылар кибербуллингтің негізгі түрлерімен танысып, интернеттегі агрессияның салдарын талқылады және виртуалды қарым-қатынаста жеке шекараларын қорғау жолдарын үйренді.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji