Бүгін қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтуде! Бұл мерекеде Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов Екібастұздағы ТЖ зардаптарын жоюға көмектескен мамандардың апаттың алғашқы күндерінен бастап «алдыңғы қатарда»болғандарды ерекше атап өтті.
⠀
«Қиын жағдайда батырлар – жұмысшылар, дәнекерлеушілер, сантехниктер және бұл жағдайға бейжай қарамаған тұрғындар кеншілер қаласын жылумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіруге көмектесті. Бірлігіңіз бен адал еңбегіңіз, бір-біріңізге қамқор болғаныңыз үшін рахмет!» – деді облыс әкімі.
⠀
Айта кету керек, қала тұрғындарына кеншілерден бөлек 45 оқу орындарының қызметкерлері көмектесті. Олардың қатарында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің қызметкерлері де бар.
⠀
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманованың атынан қызметкер Бейсенбай Қыдырмолдин мен өндірістік оқыту шебері Ерлан Бабықов Алғыс хаттармен марапатталды.