Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ERG күні өтті.
Колледждің қонақтары – «ЕЭК» АҚ-ның мамандары болды. Олар техникалық мамандықтарда оқитын студенттерге өндірістегі нақты міндеттер, кәсіби өсу мүмкіндіктері және саланың заманауи даму бағыттары туралы айтып берді.
Студенттер мен зауыт қызметкерлері бірігіп Голдберг машинасын құрастырды. Бұл құрылғы – механика, логика және шығармашылықтың тоғысқан үлгісі, онда әрбір бөлшек өз рөлін атқарады. Бұл – үлкен өндірістік жүйедегі әр адамның маңыздылығын білдіретін символ іспеттес.
Студенттер үшін бұл тек қызықты тәжірибе ғана емес, сонымен қатар шығармашылық пен инженерлік ойлау арқылы нағыз өндірістің мәнін сезінуге мүмкіндік болды.