Хромтау қаласында үш күнге созылған ERG-Skills ауқымды салалық байқауы аяқталды.
Болашақ мамандар арасыну үшін бақ сынағандардың қатарында болған Павлодар облысының құрамасы көш бастады. Ал «Электр монтаждау» құзыреті бойынша бірінші орынды тәлімгер Леонид Графтың жетекшілігімен Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенті Герман Кресс иеленді. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
Бірақ бұл республикалық шараның жоғары маңызға ие жалғыз бөлігі емес. Бүгін, байқау аяқталған күні дөңгелек үстел өтіп, оған 14 отандық колледің басшылары қатысты.
Жиында еліміздің колледждер альянсының төрайымы, Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің басшысы Алма Айтуарова жарты жылда атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, алдағы жартыжылдықтағы атқарылатын жоспарларға тоқталды. Және осы уақыт аралығында қандай жарыстар өтетіні туралы айтып берді.
Дөңгелек үстел барысында келесі жылы ERG-Skills байқауы қайда өтетіні де белгілі болды. 2024 жылғы чемпионаттың базасы ретінде Ақсу қаласы таңдалды.
Байқау екі колледж базасында өтеді.
Сондай-ақ, алдағы жылы Қостанай облысында өтетін Альянстың екінші форумы жоспарланған.
Байқаудың барлық қатысушыларына алдағы уақытта да табыстар мен жетістіктер тілейміз!