ERG Skills (ФОТО, ВИДЕО)

ERG Skills чемпионатында Павлодар облысының студенттері мен жас электр мамандары арасынан үздіктер анықталды.

Колледж базасы World Skills халықаралық стандарты бойынша сертификатталған болашақ электриктер үшін арнайы жабдықталған шеберханалар мен оқу алаңдары орналасқан аймақтық алаң ретінде таңдалды.

«Байқауға Ақсу, Екібастұз және Павлодар қалаларынан 12 адам қатысуда. Өткен жылы мұндай ERG Skills тек студенттер арасында өткізілсе, биыл байқауға ERG корпорациясының қазақстандық кәсіпорындарының 23 жасқа дейінгі қызметкерлері де қатысуда. Олардың алдында бір модуль – конвейер лентасынан тұратын электр тізбегін құрастыру міндеті тұр», – дейді жарыс сарапшысы, аға шебері Леонид Граф.

Үш бағыт бойынша өткен чемпионаттың қорытындысы бойынша анықталатын жарыс жеңімпаздары Қытайда халықаралық тәжірибеден өтуге аттанады.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji