ERGSkills-2025 аймақтық байқауының финалы өтті (ФОТО, ВИДЕО)

Бүгін Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде ERGSkills-2025 аймақтық байқауының финалы өтті.

Павлодар облысының колледждері мен ERG кәсіпорындарынан келген 40-тан астам қатысушы төрт бағыт бойынша бақ сынасты: электрмонтаждау, өндірістік автоматика, қалыптау ісі және CAD инженерлік графика.

Біздің колледждің студенттері екі құзыреттілік бойынша жеңімпаз атанды:
⚡ Максим Сорозидинов — Электрмонтаждау бойынша 1 орын
⚙️ Валерий Кондрушин — Өндірістік автоматика бойынша 1 орын

Байқау тапсырмаларына монтаждау, бағдарламалау, сызбаларды құрастыру және іске қосу кірді. Барлық жұмыс WorldSkills халықаралық стандарттарына сай өткізілді. Қатысушылар кәсіби дайындығы мен тәжірибелік шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.

Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Самал Айтказина атап өтті:

«Мұндай байқаудың дәл біздің өңірде өтіп жатқаны қуантады — әсіресе, бұл жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланғанын ескерсек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің кадрлық әлеуетін дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын. Қазіргі қоғамға адал еңбекпен жетістікке жеткен мамандар қажет — ондай адамдар әрқашан құрметке ие болады».

Жеңімпаздарға не беріледі?
— Шетелдік тағылымдама ✈️
— ERG кадрлық резервіне қосылу
— Колледжді аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасуда басымдық

Жеңіске жеткен студенттерімізді және олардың тәлімгерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji