Еріктілер – бұл мұқтаж жандарға өз жылуын, уақытын және назарын шын жүректен және өтеусіз беретін қамқор адамдар. Жаяу Мұса атындағы АЖКК студенттері еріктілер қозғалысының жаңа құрамына енді. Жастар туған қаласында игі істер жасауға дайын.
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.А.Арынов жергілікті «AQJOL» газетін мекен-жайларға жеткізіп беруді сұрағанда, еріктілер еш ойланбастан жауап берді.
Маметова, Астана, Комсомольская,Камзина, Набережная… Өткен мереке күндері еріктілер осы көшелерге газет таратты. Аға буын өкілдері мерзімді басылымдарға да, жастармен кездесуге де қуанышты болды.
Акция республикалық игі істер марафоны аясында өтті.