Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің еріктілері «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында еңбек десантына шықты.
Бороздин Артем, Жакупбаева Замзагуль, Димесин Салтанат, Нуржанова Карина және Сегизаева Асель қарттар үйінің ауласын қар мен мұздан күрекпен тазалады.
«Таза ауада қарттардың игілігі үшін еңбек ету – сергектіктің үлкен серпіні», – дейді біздің студенттер.
Жаяу Мұса атындағы АЖКК «ЖҮРЕК» еріктілер қозғалысы ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап жұмыс істейді. Балалар жалғыз тұратын қарт адамдарға көмек көрсетеді, қайырымдылық акцияларын, челлендждерді ұйымдастырады және өткізеді, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға жәрдемдеседі… Бір сөзбен айтқанда, игі істер жасалуда!