Еріктілерді оқыту

«NEW vision TEAM» қоғамдық қоры өңірлік фронт-офисінің еріктілері Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде төрт сағаттық оқыту семинарларын өткізді.

Колледж студенттері Ақсу қаласының еріктілерін әдістемелік қолдау бойынша оқудан өтті.

Қатысушыларға еріктіге мақсаттарды дұрыс қою, жеке өсуге қол жеткізу және жаңадан келгендерді ынталандыру туралы айтылды.


Сондай-ақ халықаралық және республикалық еріктілер гранттарын қалай ұтып алу тетіктері туралы ұсыныстармен бөлісті.

Сонымен қатар, тыңдаушылар NEET санатындағы жастармен жұмыс істеуге үйренді. Бұл – колледжді немесе университетті бітіргеннен кейін оқуға бармаған және жұмыс таппаған түлектер.


Колледж студенттері үшін оқыту курсын өңірлік фронт-офис басшысы Ерлан Күнтуғанов және маман Жанар Айткенова жүргізді.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji