«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының ДОШ-422 тобында
«Білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету» кәсіптік модулі бойынша есеп беру конференциясы өтті.
Конференция барысында студенттер презентациялар арқылы өздерінің әдістемелік және практикалық дайындығын көрнекі түрде көрсетті, мектепке дейінгі білім беру ұйымы жағдайында оқу қызметін әзірлеу және өткізу, балалармен әртүрлі іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
