Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенттері «Менің отбасым гүл бейнесінде» арт-терапиясына қатысты.
– Кез-келген сурет жұмыс авторының эмоционалды әл-ауқатын, отбасындағы орны мен рөлі туралы идеяны, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын көрсетеді. Ал сурет салудың өзіндік психологиялық мәні бар,-дейді іс-шараны ұйымдастырушы, колледждің педагог-психологы Л.Б.Жунусова.
Студенттер өздерінің көңіл-күйімен қағаз бетінде танысып, эмоцияларын анықтауға тырысқан және психологиялық күйлерін жақсарту үшін суреттерді түзеткен сәт арт-терапияның ең маңызды сәті болды.
Студенттердің отбасылық қатынастарын диагностикалауға арналған арт-терапия бір демде өте шықты.