ГРЭСтафета

«ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының 55 жылдығына арналған «ГРЭСтафетада» Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің командасы үшінші орынды жеңіп алды.

Жеңіл атлетикадан көпсайысқа кәсіпорындардың жас қызметкерлері мен Ақсу қалалық колледждерінің студенттері қатысты.

Бас жүлдеге сегіз команда таласты. Жарыстың төрешісі Елена Пряда болды.

Эстафетада колледжіміздің атынан 4 адам қатысты: Раушан Тұманбекова, Дмитрий Почемин, Даниэль Годына және Дамир Балтабай.

Оксана Муншау студенттерді сайысқа дайындады.

Студенттеріміз ақшалай сыйлық, дипломдар мен естелік саптыаяқтарды жеңіп алды.

🎉Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!🎉

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji