ХАБАРЛАНДЫРУ

Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (Ақсу қаласы, Астана көшесі, 1 мекен-жайында орналасқан т/факс 8(71837)50672 Email: aksukollege_avmk@mail.kz) педагогтердің бос лауазымдарына КОНКУРС жариялайды:

ЖАТАҚХАНА ТӘРБИЕШІСІ (1,0 ставка) жалақысы 137000,00 теңгеден бастап

Лауазымдық міндеттері:

– жатақханада тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;

– тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді;

– білім алушылардың спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесін жүзеге асырады;

– Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды;

– жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

– ата-аналармен немесе қамқоршылармен байланыс орнатады;

– білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді;

– білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

– жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта), жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

– және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл;

– және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог- зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 18 ақпаннан бастап 2025 жылдың 26 ақпанға дейін

Сұхбаттасу: 2025 жылғы 27 ақпанда сағат 11.00-де өтеді

Қажетті құжаттар тізімі:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7)  психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8 ) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IВT)) – 60-65 балл болу керек.

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибесі жоқ үміткерге арналған, ұзақтығы 10 минуттан кем емес, ең аз рұқсаты 720 x 480 болатын бейне презентация.

      155.  Үміткер бар болса, оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) ұсынады.

      156. Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji