ХАБАРЛАНДЫРУ

Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (Ақсу қаласы, Астана көшесі, 1 мекен-жайында орналасқан т/факс 8(71837)50672 Email: aksukollege_avmk@mail.kz) бос лауазымға КОНКУРС жариялайды.

ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУДЫҢ АҒА ШЕБЕРІ (1,2 жүктеме) жалақысы 190 000 теңгеден бастап

Лауазымдық міндеттері:

Оқытылатын өндірістік оқыту сабақтарының жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз ету бойынша техникалық шығармашылық үйірмелері жетекшілерінің, өндірістік оқыту шеберлерінің жұмысын үйлестіреді, нұсқаулық, жеке-әдістемелік жұмыс жүргізеді;

Білім беру ұйымдарында өндірістік оқытуды және кәсіпорындарда кәсіптік практиканы ұйымдастырады;

Біліктілікке қойылатын талаптар:

– жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін ұйымдардағы орта басшы құрам лауазымдарындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

–  немесе жоғары біліктілік деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; және (немесе) орта және жоғары біліктілік деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.

АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ (құрылыс, 0,5 жүктеме) жалақысы 85000 теңгеден бастап

Лауазымдық міндеттері:

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

Біліктілікке қойылатын талаптар:

– тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

– немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі.

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ (1,0 жүктеме) жалақысы 130 000 теңгеден бастап

Лауазымдық міндеттері:

жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады

Біліктілікке қойылатын талаптар:

 – жоғары педагогикалық білім немесе «Әлеуметтік педагог» жоғары педагогикалық білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай қайта даярлау туралы құжат;

– және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл және педагог-шебер үшін – кемінде 5 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 21 ақпанынан бастап 29 ақпанына дейін

Сұхбаттасу 2024 жылғы 01 наурызда сағат 15.00-де өтеді

Қажетті құжаттар тізімі:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8 ) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IВT)) – 60-65 балл болу керек.

        11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji