ХАБАРЛАНДЫРУ

Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (Ақсу қаласы, Астана көшесі, 1 мекен-жайында орналасқан т/факс 8(71837)50672 Email: aksukollege_avmk@mail.kz) педагогтердің бос лауазымдарына КОНКУРС жариялайды:

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ (1 ставка) 137 000 теңге жалақымен 

Лауазымдық міндеттері:

– тұлғаның және оның микроортасының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін, өмір сүру жағдайларын зерттейді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға уақытылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді;

Біліктілікке қойылатын талаптар:

– жоғары педагогикалық білім немесе «Әлеуметтік педагог» жоғары педагогикалық білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай қайта даярлау туралы құжат;

– немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 4 жыл; педагог-зерттеуші және педагог-шебер үшін – 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі.

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ  137000 теңге жалақымен 

Лауазымдық міндеттері:

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

Біліктілікке қойылатын талаптар:

– тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қоймай;

– немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі.

АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ (Электр жабдықтары) 137000 теңге жалақымен 

Лауазымдық міндеттері:

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

Біліктілікке қойылатын талаптар:

– тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қоймай;

– немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі.

ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ  (Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары) – 1 жүктеме, жалақысы 137000 теңгеден бастап 

Лауазымдық міндеттері:

– Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді;

Біліктілікке қойылатын талаптар:

– Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім;

– немесе біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл; немесе орта және жоғары біліктілік деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.

ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ  (Электр жабдықтары) жалақысы 137000 теңгеден бастап 

Лауазымдық міндеттері:

– Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді;

Біліктілікке қойылатын талаптар:

– Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім;

– немесе біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл; немесе орта және жоғары біліктілік деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 29 тамызынан бастап 09 қыркүйекке дейін

Сұхбаттасу: 2024 жылғы 10 қыркүйекте сағат 11.00-де өтеді

Қажетті құжаттар тізімі:

       1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7)  психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8 ) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IВT)) – 60-65 балл болу керек.

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибесі жоқ үміткерге арналған, ұзақтығы 15 минуттан кем емес, ең аз рұқсаты 720 x 480 болатын бейне презентация.

      Үміткер бар болса, оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) ұсынады.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji