Халықаралық сайлау күні

5 ақпанда Халықаралық сайлау күніне орай азаматтардың сайлау туралы ақпараттандыру және оның демократия үшін маңызын арттыру мақсатында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде «Жаһандық сайлау күні: демократияның мәні мен әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге колледж студенттері қатысты.

Диалог алаңында келесі сұрақтар көтерілді: сайлау азаматтардың өміріне қалай әсер етеді, жастар сайлауға қалай қатысып, ел саясатына әсер ете алады, Қазақстанның сайлау жүйесінде қандай проблемалар бар және халықаралық тәжірибе Қазақстандағы сайлауды жақсартуға қалай көмектеседі.

Сарапшы ретінде No475 сайлау комиссиясының төрайымы А. Қайырханова сөз сөйледі. Ол сайлау туралы өз ойымен бөлісіп, оның демократия үшін маңызы туралы айтты, сонымен қатар қойылған сұрақтарға жауап берді.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji