5 қыркүйек күні колледжімізде жас ұрпақтың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Өзге тілдің бәрін біл – өз тіліңді құрметте» интеллектуалдық ойын өтті.
Білім мен тапқырлыққа толы сайыста 1-курс студенттерінен құралған «Ана тілі» және «Достық» командалары өзара бақ сынады.
Қатысушылар мақал-мәтелдерді жатқа айтып, синонимдерді іріктеп, сөз мағынасын түрлі тілдерде ашып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Капитандар жарысы ерекше әсер қалдырып, олардың ой жылдамдығы мен сөз байлығы көпшілікті тәнті етті.
Нәтижесінде 45 ұпаймен «Ана тілі» командасы жеңімпаз атанды. Ал 43 ұпай жинаған «Достық» командасы ІІ орынға ие болды.
Іс-шараны ұйымдастырған тіл мамандары С.Ж. Ғалымова мен Ж.Б. Алтынғужиноваға алғыс айтамыз!
Бұл ойын достық пен бірлікті дәріптеген, көптілді Қазақстанның рухын сездірген нағыз мерекеге айналды.
Интеллектуалдық ойын (ВИДЕО)
