Утепова Сымбат Ерланқызы өткізген ірімшікті рулет дайындау шеберлік сабағы.
Бүгін колледжде ерекше әрі дәмді шеберлік сабағы өтті. Сабақты өндірістік оқыту шебері, арнайы пәндер оқытушысы Утепова Сымбат Ерланқызы жүргізді. Сабақтың тақырыбы – ірімшікті рулет дайындау болды. Бұл – кез келген дастарқанға сән беретін ерекше тағам.
Сымбат Ерланқызы рулетті қалай дұрыс әрі дәмді дайындауға болатынын кезең-кезеңімен көрсетіп, кәсіби тәжірибесінен пайдалы кеңестерімен бөлісті. Шеберлік сабағына қатысушылар үлкен қызығушылықпен бақылап, сұрақтарын қойып, тағам дайындау процесіне белсене атсалысты.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Сабақ соңында қатысушылар дайын болған тағамнан дәм татып, өз әсерлерімен бөлісті. Әріптестер бұл сабақтан тек жаңа білім ғана емес, сонымен қатар аспаздық шабыт алғандарын атап өтті
