«Ішкі адалдық» ұғымы екі түрлі оқылады. Бұл – өзіне-өзі есеп берудің адалдығы немесе алдауды әшкерелеу мүмкін емес және абайсыздық үшін жазалау жоқ жағдайларда көрінетін іс-әрекеттің адалдығы. Ішкі адалдық екінші мағынада қоғамдағы заңдар мен ережелердің сақталу деңгейімен байланысты.
«Азаматтың академиялық адалдығы» атты пікірталас сағаты Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде өтті.
Іс-шара барысында басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мусатова-Албот А.Б. студенттерге ҚР «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңының баптарын түсіндірді.
Іс-шараның басты мақсаты-жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын насихаттау және қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды қалыптастыру, адалдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Іс-шараға Эм-123 тобының студенттері қатысты.