2024 жылғы 29 ақпанда кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Ақсу қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Оқушыларға колледждің мамандықтары, жетістіктері, білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, әлеуметтік әріптестер туралы ақпарат берілді.