Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенті Гордей Гуляев техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары арасында энергетикадан облыстық олимпиадада екінші орынды жеңіп алды.
Интеллектуалды сайыстар ИнЕУ жоғары колледжі базасында екі кезеңде өткізілді.
Бірінші кезеңде студенттер үш пән бойынша 60 іріктеу тесті сұрақтарына жауап беруі керек болды. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар екінші турға өтті.
Екінші тур практикалық болды. Студенттер қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, пәтердің электр сымдарын тарту болды.
Сонымен қатар, тапсырманы орындау кезінде қатысушыларға берілген барлық материалдарды пайдалану қажет болды.
Олимпиадаға Павлодар облысының 11 колледжінен барлығы 23 студент қатысты.
Гордейді облыстық олимпиадаға тамаша қатысуымен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер тілейміз!