22 желтоқсанда Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.
Ұзақ жылдар бойы осы салаға құнды кадрларды дайындап келе жатқан Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі де бұдан тыс қалмады.
Бүгін мұнда болашақ энергетиктерді дайындайтын педагогтарға құрмет көрсетілді. Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, колледж басшысы Алма Айтуарова кәсіпорынның өкілі – оқу орнының бұрыннан келе жатқан әлеуметтік серіктесі – «ЕЭК» АҚ пайдалану жөніндегі басшысы Роман Паустьяновқа кадрларды даярлауға көмектескені үшін алғыс хат табыс етті.
Роман Вячеславович оқытушыларды және жақын арада қала үшін өмірлік маңызы бар мамандықтың өкілдеріне айналатын балаларды Энергетиктер күнімен құттықтады.
Бізге жарық пен жылу сыйлайтын барша жандарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!