Бұл жолы Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің ұстаздары Ақсу қаласы No1, Евгеньевка ауылы және Еңбек ауылының мектебінде болды.
Шара барысында жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауды бүгіннен бастауға кеңес берілді, өйткені, мектептен кейін оқу орнына түсуге дайындалу әлдеқайда оңай.
Еске салайық, Павлодар облысында студенттер үшін мамандық таңдауға көмектесуге бағытталған «Жаңа мамандықтар атласы» жобасы толыққанды жұмыс істеуде.
Біздің колледж облыста алғашқылардың бірі болып мектеп оқушыларына ерте кәсіптік бағдар берудің кешенді бағдарламасын жүзеге асыруда.