Павлодар облысында «Кәсіподақ SportFest» өңірлік кәсіподақ спорт фестивалі аяқталды.
Бүгін осы жарқын СӨС мерекесінің салтанатты жабылу рәсімі өтті, онда түрлі номинациялардағы жеңімпаздар марапатталды.
Сол күні мини-футболдан финалдық жарыс өтті. Аймақ колледждерінің құрама командасы үшінші орынға ие болды.
Ал сәуір айында волейболдан жарыстың қола жүлдегері ретінде Ақпараттық технологиялар колледжі мен Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің құрама командасы атанды.
Сонымен қатар, фестиваль ұйымдастырушылары спартакиадаға белсенді қатысқан оқу орындарының басшыларын да атап өтті.
Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымының төрағасы Гүлбарам Науразбаева колледжіміздің басшысы Алма Айтуароваға алғыс хат табыс етті.