2025 жылдың 17 қаңтарында Ақсу қаласының № 7 орта мектебінде 9-сынып оқушыларымен кәсіптер, кәсіби жарамдылық, кәсіби маңызды қасиеттер және кәсіби мансап саласындағы білімді насихаттау және тарату арқылы оқушылардың саналы кәсіби өзін-өзі айқындауына жағдай жасау мақсатында кәсіптік бағдарлау жұмысы жүргізілді.
Кәсіптік бағдарлаудың мақсаты білім алушыларға оқыту бейінін таңдауда шешім қабылдауда көмек көрсету, кәсіптік қызметті саналы таңдау қабілетін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің мәдениет және спорт бөлімі студенттерінің үгіт-насихат бригадасы өнер көрсетті. Мамандықтар туралы ақпараты бар ақпараттық буклеттер, сондай-ақ колледждің байланыс деректері таратылды.