ТМ-124 тобында Қазақстан тарихы пәнінен «Кеңес кезеңінде полиэтникалық қоғамның қалыптасуы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің кеңестік дәуірдегі демографиялық өзгерістер мен көпұлтты қоғамның қалыптасу ерекшеліктерін түсінуіне ықпал ету болды.
Сабақ барысында білім алушылар алдыңғы тақырыпты еске түсіру мақсатында онлайн тест тапсырмаларын орындап, нәтижелер бойынша маңызды тұстарды оқытушымен бірге саралады. Жаңа тақырыпты меңгеру барысында деңгейлік тапсырмалар ұсынылып, білім алушылар топпен жұмыс жасап, талдау жүргізді.
Сабақтың практикалық бөлігінде көпұлтты қоғамның артықшылықтары мен әлеуетті қиындықтары туралы пікір алмасу ұйымдастырылып, студенттер өз көзқарастарын дәлелдермен қорғап, дискуссия жүргізді. Сабақ соңында бір-бірін бағалау арқылы өзара ынтымақтастық пен жауапкершілік дағдыларын дамытты.
Бұл сабақ студенттердің тарихи тақырыпқа деген қызығушылығын арттырып, өз ойларын еркін жеткізуге, пікірталас мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді.