КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарын болдырмау және олардың заңсыз әрекеттерін түзету ісінде жетекші рөл атқаратын оқу орны болып табылады. Колледжде тұрақты негізде білім алушылармен профилактикалық жұмыс жүргізіледі.

Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестің кезекті отырысы осы аптада өтті.

Күн тәртібінде колледж студенттері арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың жай-күйі туралы мәселе қаралды. «Қауіп-қатер тобының» студенттері туралы ақпаратты кураторлар А.Л. Панихин және А.Ж.Нуртазина ұсынды.

Отырыс соңында Кеңес мүшелері студенттермен және олардың ата-аналарымен құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша жұмысты жандандыруды, сондай-ақ патриоттық тәрбиенің сапасына назар аударуды қаулы етті.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji