Колледж студенттері арасында «Qarzhy Sagsysy» цифрлық ойыны ерекше қызығушылық тудырып отыр. 1–12 желтоқсан аралығында 1–2 курс студенттері қаржылық қауіпсіздікке арналған бұл инновациялық ойын арқылы өз білімдерін сынап, өмірлік маңызы зор дағдыларды қалыптастыруда.
Ойын формасында ұсынылған тапсырмалар жастарды ойлануға, дұрыс шешім қабылдауға және қаржылық тәуекелдерден сақ болуға үйретеді. Бұл – жай ғана ойын емес, бұл – болашаққа бастар саналы таңдау мектебі.
Қаржылық сауатты ұрпақ – тұрақты әрі қауіпсіз қоғамның кепілі. Бүгінгі білім – ертеңгі сенімді қадам.
