Колледж тарихы

1993 жылға дейін Ақсу қаласы Ермак (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1993 жылғы 4 мамырдағы № 2189-ХІІ қаулысы) деп аталды, жеке оқу орны дене шынықтыру техникумы, мәдени-ағарту техникумы, энергетика техникумы және 45 кәсіптік-техникалық училище болып қызмет етті.

1966 жылы 9 шілдеде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №476 қаулысымен Ермак мәдени-ағарту училищесі құрылды. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 28 мамырдағы № 477 қаулысымен Ермак мәдени-ағарту училищесі Ермак мәдениет училищесі болып өзгертілді.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1969 жылғы 25 шілдедегі № 463 қаулысымен Ермак дене тәрбиесі техникумы құрылды.

КСРО Энергетика және электрлендіру министрлігінің № 124/136 бұйрығымен 1969 жылы №45 Ермак қалалық кәсіптік-техникалық училищесі (№ 45 ҚКТУ) құрылды.

Павлодар кәсіптік-техникалық білім беру басқармасының 1984 жылғы 6 қыркүйектегі № 192 бұйрығымен № 45 Ермак қалалық кәсіптік-техникалық училищесі (№ 45 ҚКТУ) № 3 Ермак орта кәсіптік-техникалық училищесі (№3 ОКТУ) болып қайта құрылды.

КСРО Энергетика және электрлендіру министрлігінің 1985 жылғы 12 шілдедегі № 60-а бұйрығымен Ермак энергетика техникумы құрылды.

Ақсу қаласы болып аталғаннан кейін Ермак мәдениет училищесі Ақсу мәдениет училищесі, Ермак дене тәрбиесі техникумы – Ақсу дене тәрбиесі техникумы, Ермак энергетикалық техникумы – Ақсу энергетикалық техникумы, Ермак № 3 ОКТУ – Ақсу № 3 ОКТУ деп аталды.

          Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 1995 жылғы 11 желтоқсандағы № 312 бұйрығымен Ақсу дене тәрбиесі техникумы Ақсу дене тәрбиесі колледжі, Ақсу мәдениет училищесі Ақсу мәдениет колледжі, Ақсу энергетика техникумы Ақсу энергетика колледжі болып қайта құрылды.

          Павлодар облысының халыққа білім беру басқармасының 1993 жылғы 20 тамыздағы №97 бұйрығымен №3 Ақсу орта кәсіптік-техникалық училищесі (№3 ОКТУ) базасында №3 Ақсу жоғары кәсіптік-техникалық училище –лицейі (№3 ЖКУ – лицейі) ашылды.

          Павлодар облысы әкімінің 1996 жылғы 27 мамырдағы № 90 шешімімен және Ақсу қаласы әкімінің 1996 жылғы 8 шілдедегі № 224 шешімімен Ақсу мәдениет колледжі мен Ақсу дене тәрбиесі колледжі бір оқу орнына – Ақсу өңірлік колледжіне біріктірілді.

Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігінің 1997 жылғы 3 маусымдағы № 200 бұйрығымен және Ақсу қаласы әкімінің 1997 жылғы 31 шілдедегі № 303 шешімімен Ақсу өңірлік колледжінің базасында Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі құрылды, ол 2000 жылғы 23 мамырда «Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны (МҚКК) болып өзгертілді (№ 2-02/116 бұйрық)

Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігінің 1997 жылғы 3 маусымдағы № 200 бұйрығымен және Ақсу қаласы әкімінің 1997 жылғы 31 шілдедегі № 303 шешімімен Ақсу энергетика колледжі Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі болып қайта құрылды және 2000 жылғы 23 мамырда «Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны (МҚКК) болып қайта аталды (№ 116 бұйрық)

Павлодар облысы Білім департаментінің 1997 жылғы 6 наурыздағы №35 бұйрығымен №3 Ақсу жоғары кәсіптік-техникалық училище –лицейі (№3 ЖКУ – лицей) №3 Ақсу кәсіптік-техникалық мектеп-лицейі (№3 КТМ- лицей) болып қайта құрылды.

Павлодар облысы білім департаментінің 2000 жылғы 14 наурыздағы №63 бұйрығымен №3 Ақсу кәсіптік-техникалық мектеп-лицейі (№3 КТМ – лицейі) «№3 Ақсу кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесі (№3 КЛ) болып өзгертілді, ол 2000 жылғы 23 мамырда «Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны болып өзгертілді (МҚКК).

Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі №258 қаулысымен «№3 Ақсу кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесі «№3 Ақсу колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (КММ) болып өзгертілді.

Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 шілдедегі №240/7 қаулысымен «№ 3 Ақсу колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (КМҚК) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылды.

          Павлодар облысы білім департаментінің 2004 жылғы 26 мамырдағы №158/5 бұйрығымен және Ақсу қаласы Әділет басқармасының заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2004 жылғы 20 қыркүйектегі №6637-1945 куәлігіне сәйкес «Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі» МКҚК ММ Павлодар облысы әкімдігінің, Павлодар облысы білім департаментінің «Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (ҚКМК) болып өзгертілді.

          Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 275/10 қаулысымен және Ақсу қаласы Әділет басқармасының 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 191-1945-14 заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігіне сәйкес «Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі» МКҚК ММ «Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі» (КМҚК) коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып өзгертілді.

          Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 23 мамырдағы №163/2 қаулысымен «Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі» (КМҚК) «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (ШЖҚ КМК) болып өзгертілді.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji