«ДосболLIKE» бағдарламасын іске асыру аясында колледжде кибербуллинг мәселесіне арналған тағылымды іс-шара өтті. Іс-шараны педагог-психолог Жунусова Ләйлем Болатовна жүргізді.

Кездесу студенттердің цифрлық ортадағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, интернет кеңістігінде саналы әрі жауапты әрекет ету дағдыларын дамытуға және психологиялық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталды.

