2026 жылғы 15 қаңтар күні колледжде қызметкерлерге арналған маңызды семинар ұйымдастырылды. Іс-шараны педагог-психолог Жунусова Ляйлем Булатовна жүргізді.
Семинардың басында қатысушыларға аталмыш мәселе бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері мен өзекті статистикалық деректер ұсынылды. Бұл мәліметтер буллингтің білім беру ортасындағы өзектілігін терең түсінуге мүмкіндік берді.

Іс-шараның негізгі бөлімінде практикалық бағыттағы жұмыстар жүргізілді. Педагог-психолог педагогтерге арналған профилактикалық сабақтарды ұйымдастыру жолдарын түсіндіріп, түрлі ойындар, тренингтік жаттығулар, жағдаяттық тапсырмалар мен медиативтік тәжірибелерді слайдтар арқылы жан-жақты талдап көрсетті.

Семинар соңында «Комплименттер дәлізі» атты жаттығу өткізілді. Бұл сәтте әріптестер бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жақсы сөздер айтты. Қатысушылар көтеріңкі көңіл күймен тарасып, кейбірі өздері туралы бұрын байқамаған қырларын танып, жағымды әсер алды.


Аталған семинар білім беру ұйымында қауіпсіз, мейірімді әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.
