Жаяу Муса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің өндірістік оқыту шебері Леонид Граф Өскемен қаласында өтіп жатқан республикалық кәсіби шеберлік байқауында біздің облыстың намысын қорғауда!

Чемпионатқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 19 команда қатысып жатыр. Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында қатысушылар төрт күрделі модульден өтуде:
🔹 Еңбек қауіпсіздігі бойынша тест
🔹 Компас-3D бағдарламасында сызба сызу
🔹 Электр схемасын құрастыру (бес сағаттық жұмыс!)
🔹 Алгоритмді бағдарламалау — нақтылық пен жылдамдыққа бір сағат
Леонидті байқауда эксперт-компатриот Қаратаев Булат Бекболатович қолдап отыр.