Лудомания және компьютерлік тәуелділік тақырыбында профилактикалық дәріс (ВИДЕО)

2025 жылғы 27 мамырда Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде лудомания және компьютерлік тәуелділік тақырыбында профилактикалық дәріс өтті.

Іс-шараның спикері – кәсіби психолог Садвакасова Әсемгүл Қалелқызы. Кездесу барысында ол студенттерге ойын және интернет тәуелділігінің себептері мен салдары туралы кеңінен айтып, мұндай жағдайлардың белгілерін дер кезінде анықтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Спикер тәуелді мінез-құлықтың қалыптасуын болдырмау, психоэмоционалдық денсаулықты нығайту және өзін-өзі бақылауды дамыту жөніндегі практикалық ұсынымдарға баса назар аударды.

Дәріс студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды, қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Осындай өзекті тақырыптар бойынша жүргізілетін профилактикалық жұмыстар жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына және саналы өмірлік жолды таңдауға ықпал етеді.

Іс-шара Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі мен “Кенжекөл Жастары” жастар қоғамдық бірлестігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру аясында өткізілді.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji