Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде Студенттік парламент президентін ұлықтау рәсімі өтті.
Білім ошағымыздың өміріндегі тарихи оқиға дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.
Колледж президенті Рамина Молдабаева колледж абыройын асқақтатып, сайлаушыларының сенімін ақтауға уәде берді. Өзіне жүктелген міндеттерді адал атқаратынын жеткізіп, ант қабылдады.
Колледж басшысы Алма Ермекқызы Айтуарова Раминаға осы жауапты қызметте табыс тілеп, президенттік куәлікті саланатты түрде табыс етті.
Студенттер мен оқытушылардың назарына Студенттік парламент фракцияларының жетекшілері мен көмекшілерінің кабинеті ұсынылды.
Колледж басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айжан Бағитжанқызы Мусатова-Альбот президент пен фракция жетекшілеріне таусылмас қуат пен зор жауапкершілік тіледі.
Салтанатты шара Студенттік парламенттің алғашқы отырысымен аяқталды.