МҰҚАҒАЛИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің «Түбіт қанат ақындар» клубының жас ақындары Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кеш өткізді.
Ақынның шығармашылық өмірінен көптеген қызықты деректер мен оқиғаларды колледждің жастар ісі жөніндегі инспекторы Расул Темеш айтып берді.
Онлайн-кешке қатысушылар ақынның өлеңдерін, тұсаукесерін, Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдері бейнеленген қысқа метражды фильмді тамашалады. Ақынның өлеңдерін Қырықбай Райымбек, Муратбекова Арайлым үлкен сүйіспеншілікпен оқыды.
Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық және әлемдік мәдениетке зор үлес қосқан қазақ халқының ұлы перзентінің шығармашылығынан рахаттанды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji