Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні (ВИДЕО)

Наурызнаманың төртінші күні – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн – мәдениет пен салт-дәстүрдің ұлт жанының ажырамас бөлігі екенін еске салатын маңызды сәт. 

Бұл күн – мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған түрлі іс-шаралармен ерекшеленеді. 

Осыған орай біздің білім ошағымызда да қазақтың әдет-ғұрпына бағытталған «Салт-дәстүр – асыл қазына» атты іс-шара өткізілді. Мақсаты – білім алушыларға қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, шәкірттеріміздің бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету. 

Іс-шараға С.Дөнентаев атындағы Мәдениет сарайының ««Ақниет халықтық ансамблі» құрамының апалары, оқытушылар және білім алушылар белсене қатысып, керемет өнер көрсетті. Ақ дастархан жайылып, ұлттық тағамдар мен «Наурыз көже» әзірленді.

Іс-шараны ұйымдастырған – Алтынгужинова Ж.Б., Шайзатова А.Б.

Олардың арқасында бұл күн мәдени мұраны сақтау мен ұрпақтар байланысының айқын үлгісіне айналды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji