Колледжде армия генералы Мұхтар Алтыбаевтың 80 жылдығына және қазақ халқының даңқты қаһарманы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған кураторлық сағаттар өтті.

Бұл шара – жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, ел тарихына деген құрметін тереңдетуге бағытталған тәрбие жұмысының маңызды бөлігі. Студенттерге Мұхтар Алтыбаевтың әскери саладағы ерен еңбегін айқындайтын деректі фильмдер, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының шежіресіне алтын әріппен жазылған Бауыржан Момышұлының қаһармандық жолын баяндайтын бейнематериалдар ұсынылды.


Кураторлық сағат барысында ерлік, тәртіп, борышқа адалдық пен отанға қызмет ету сынды құндылықтарға ерекше назар аударылды. Осындай тәрбиелік шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді нығайтып, ұлттық сананы күшейтуге, ел болашағына деген жауапкершілікті терең түсінуге ықпал етеді. Өткеннің даңқты тұлғаларының өнегесі жастарға тәуелсіздік пен еркіндіктің қадірін сезінуге жол ашады.

Бұл іс-шара тарихқа деген құрмет – қоғамның рухани дамуы мен бірлігінің негізі екенін еске салған тағылымды кездесу болды.
