Mamandyq Fest – 2025 (ВИДЕО)

Павлодар қаласында өткен ауқымды кәсіби бағдар фестивалі MamandyqFest облыстың 44 колледжін және мыңдаған жоғары сынып оқушысын біріктірді. Жағалауда әр қатысушы өз мамандығын таныстырған нағыз шағын қала бой көтерді.

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің стендтері ең интерактивті әрі әсерлілердің бірі болды.

Біздің студенттердің жобаларын Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов жоғары бағалады.

Электр мамандығының студенті Айтуар Токан «Ақылды үй» жүйесін көрсетті:
— Есіктің алдында тұрсыз, ал басқа бөлмеде жарық сөнбей қалды ма? Бұл жүйемен бәрін бір батырмамен өшіруге болады. Ыңғайлы, заманауи және қауіпсіз!

Алексей Герасимов – болашақ құрылысшы. Ол өз идеясымен жасалған 80 пәтерлі 10 қабатты тұрғын үйдің макетін ұсынды:
— Жеті айлық жобалау мен еңбектің нәтижесінде Ақсу қаласында нақты салынуы мүмкін үйдің үлгісі дайын болды!

Қызығушылық танытқан талапкерлер мен олардың ата-аналарына колледжіміздегі мамандықтар туралы ақпараттық буклеттер таратылды.

Сол уақытта Ertys Promenade сахнасында WorldSkillsPavlodar өңірлік байқауының жеңімпаздары аталып өтті: олардың қатарында біздің колледж студенттері де бар.

MamandyqFest — бұл мамандықтардың болашағы, қолжетімді білім және 9-сыныптан кейінгі саналы таңдау туралы.

Біз бұл оқиғаның бір бөлшегі болғанымызға мақтанамыз!

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji