MamandyqFest (ВИДЕО)

Павлодар облысының колледждері кең ауқымды MamandyqFest фестивалінде ТжКБ жаңа мүмкіндіктерін көрсетті.

Павлодарда Естай атындағы Мемлекеттік мәдениет үйінің кіреберісінде «Мамандықтар қалашығы» ашылды.

Мұнда Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі де өз мамандықтарын ұсынды.

Біздің оқытушыларымыз бен студенттеріміз барлығына кітапшалар таратып, мамандықтармен таныстырып, тіпті оқу орнының соңғы үлгідегі жабдықтары мен өнімдерін көрсетті, сонымен қатар оқуға түсу туралы сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, студенттер мен оқытушылар өздерінің үздік жобаларын ұсынды.

Фестиваль WorldSkills-Pavlodar-2024 облыстық чемпионатының жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji