Мейірімділіктің үлкен-кішісі болмайды

«Жаяу Мұса» атындағы АЖКК-нің еріктілері мейірімділік жасаудан қалыс қалған емес. Әсіресе, бұл  «ЖҮРЕК» еріктілер қозғалысының мүшелері арасында өте маңызды қадам.

Айталық, ағымдағы айдың алғашқы күндерінде басталған «Жақсылық жаса» акциясы аяқталды. Нәтижесінде қаланың 30-дан астам бүлдіршіндері мен жасөспірімдері сыйлықтар алды.

Еріктілер Наурыз мейрамына арналған жұмсақ ойыншықтар, тәттілер және басқа да сыйлықтарды көп балалы отбасылардан шыққан балаларға табыстады.

Жалпы, акция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында өтті.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji