Бүгін Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі Марғұлан университетімен тарихи меморандумға отырды.
Құжатқа колледж басшысы Алма Ермекқызы Айтуарова мен университет ректоры Жанбол Октябрьұлы Жылбаев қол қойды.
Меморандумның аясында колледжді «Дене шынықтыру», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Электромеханика», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша тәмамдаған студенттер енді бірден Марғұлан университетінің үшінші курсына оқуға түсе алады. Сонымен қатар, дуальді білім беру жүйесінде оқиды.
Өңірдегі ең ірі педагогикалық университеттен келген қонақтар делегациясы үшін колледжімізде экскурсия ұйымдастырылып, студенттермен кездесу өтті. Ректор мен факультет декандары түлектеріміздің барлық сұрақтарына жауап беріп, университетке оқуға түсуге шақырды.