Мен және Интернет

Интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, кибербуллингтің алдын алу және колледждегі психологиялық қауіпсіздікті нығайту мақсатында Тм-224 тобының студенттерімен «Кибербуллинг» және «Мен және Интернет» тақырыптарында кездесу өтті. Кездесуді педагог-психолог Л.Б. Жүнүсова жүргізді.

Ләйлем Булатовна студенттерге кибербуллингтің пайда болу себептері, оның алдын алу жолдары, сондай-ақ желідегі агрессивті мінез-құлықтың психологиялық салдары туралы жан-жақты мәлімет берді.

Сонымен қатар, жеке деректерді қорғау, онлайн қарым-қатынаста жеке шекараны сақтау, эмоциялық өзін-өзі реттеу және қажет жағдайда дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji