Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде Қазақстанның жаһандық бастамаларына және халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесіне арналған бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Құрылуының алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан өзін әлемдік саясат пен экономикаға кіріктіре бастады. Әлемдік қоғамдастық біздің елмен санасып қана қоймай, оның көптеген бастамаларын, ең алдымен, антиядролық бастамаларды қолдайды.
Сынып сағаттары барысында кураторлар студенттерге еліміздің тарихи өткені, бүгіні және жарқын болашағы, біздің мемлекетіміздің халықаралық және аймақтық қақтығыстарды шешудегі рөлі, Қазақстанның бірнеше рет ірі халықаралық іс-шаралардың шебері болғандығы туралы айтып берді. Өйткені, бүгінгі таңда студенттердің өз мемлекеті туралы білімдерін кеңейту және жүйелеу, жастарды ел тарихы мәселелеріне дұрыс бағыттау, патриотизм, ұлттық келісім сезімін тәрбиелеу өте маңызды…
Айта кету керек, онлайн режимінде өткен сынып сағаттары әртүрлі форматта өтті. Студенттер дәрістерді қызығушылықпен тыңдады, диалогқа қатысты, викторина сұрақтарына жауап берді, ЭССЕ жазды, өз ойларын білдірді…