«Заң және тәртіп» жобасы аясында колледжде «Міндетсіз құқық жоқ» атты кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға қайшы әрекеттерден қорғау, жастарды заңға бағынатын азамат етіп тәрбиелеу.
Кездесу барысында студенттерге бейнероликтер көрсетіліп, колледж студенттері өз кезегінде белсенділік танытып, полиция қызметкерлеріне сұрақтар қойды.